Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халықтың 2%-ы 1 млн теңгеден көп жалақы алады. Нақтырақ айтқанда, бұл 81,4 мың адам.
1 млн теңгеден көп жалақы алатын еркектер саны әйелдерден 3 есе көп.
Сала бойынша 1 млн теңгеден артық жалақы алатындар ең көп тау-кен өнеркәсібінде (23,6 мың адам). Одан кейін өңдеу өнеркәсібі – 9,3 мың адам.
Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы – 8,6 мың адам, құрылыс – 7,8 мың адам, сауда – 5,5 мың адам.