Өткен жылдың соңында шымкенттік қылмыстық топтың 13 мүшесі қазақстандық әйелдерді Бахрейнге сексуалдық құлдыққа жібергені үшін сотталған болатын. Топ жетекшісі 14 жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандары 1,3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Алайда, қазақ әйелдері мен ер азаматтарын шетелден гөрі Қазақстанның өз ішінде құлдықта болуы жиі кездеседі, деп хабарлайды ranking.kz.
Расымен, Орталық Азия елдерінен келген көптеген адамдар көбіне Қазақстан немесе Ресейде құлдыққа түседі. Кейде тіпті өз елінде. Әсіресе Қазақстан мен Тәжікстанда жағдай осындай.
Адам саудасы деректерінің жаһандық орталығының (Global Data Hub on Human Trafficking) мәліметінше, 2005 жылдан 2021 жылға дейін Орталық Азия елдерінің 6 мыңнан астам азаматы аймақта немесе одан тыс жерде жыныстық, еңбек немесе басқа да құлдықта болған. Осы кезеңде құлдықта болған қазақстандықтардың саны 691 адамға жетті (әлемдегі адам саудасының құрбандарының жалпы санынан 0,66%-ы).
Зардап шеккендердің 2259-ы Қырғызстан азаматтары, 616-сы Тәжікстан, 525-і Түркіменстан және 2037-і Өзбекстан азаматтары болып шықты. Дүние жүзінде адам саудасына былғанбаған ешқандай ел жоқ деуге болады. Кейбір елдер құлдарды жөнелту пункті, басқалары транзит немесе баратын нүкте.
Орталық Азия тұрғыдары бірінші кезекте жыныстық және еңбек адам саудасының құрбанына айналатын бірден бір өңір және белгілі бір деңгейде транзиттік және баратын жер де болып саналады. Егер әлемде 2005-2021 жылдар аралығында Орталық Азия елдерінің 6128 азаматы құлдыққа сатылса, онда бұл елдердің аумағында сатылған адамдардың саны, азаматтар мен шетелдіктерді қоса есептегенде, 3316.
Алайда құлдықта болған қазақстандықтардың басым бөлігі, тура 80%-ы өз елінде құлдыққа ұшырады. Қазақстандықтардың Қазақстаннан кейінгі құлдыққа ұшырайтын елдері Ресей (5%) және БАӘ (4%).
Тәжікстанда да жағдай осындай: құлдыққа түскен азаматтардың 66%-ы өз елнде құлдыққа түскен. Құлдыққа түскен Тәжікстан азаматтарының тағы 19%-ы Ресейде, 5%-ы Қазақстанда болған.
Орталық Азияның қалған мемлекеттерінің тұрғындары негізінен өз елдерінен тыс жерлерде құлдыққа түседі. Мысалы, Қырғызстанның құлдықта болған азаматтарының 42%-ы Ресейде, Түркіменстанның құлдықта болған азаматтарының 54%-ы Түркияда, өзбектердің 31%-ыҚазақстанда болған. Бірақ тізім, әрине, бұл елдермен шектелмейді.
Қазіргі уақытта адам саудасы негізінен жыныстық қанау мақсатында жүзеге асырылатын секілді, бірақ еңбекһгін қанау мақсатындағы адам саудасы да кең тараған.
Табиғи ресурстарға аса бай емес Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері жыл сайын Ресей мен Түркиядан өз елдеріне миллиардтаған доллар аударатын еңбек мигранттары есебінен экономикалық мәселелерінің бір бөлігін шешіп отыр. Дәл осы үш елде адам еңбегін қанау кең тараған, оның құрбандары 2005-2021 жылдары құлдыққа түскен азаматтардың сәйкесінше 82%-ы, 86%-ы және 70%-ы болды.
Тәжікстанда 2005-2021 жылдар аралығындағы сексуалдық және еңбегін қанау адам саудасының құрбаны болған азаматтар арасында былайша бөлінді: құрбандардың 44%-ы жыныстық қанауға, 55%-ы еңбекке мәжбүр болды.
Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары арасында ел ішінде де, шетелде де жиірек орын алатыны жыныстық қанаушылық: 2005-2021 жылдары құлдықта болғандардың 59%-ы жыныстық қатынасқа тартылған, 40%-ы еңбегін қанауға ұшыраған.
БҰҰ мәліметі бойынша, жыныстық қанаушылық әйелдерді сатудың ең көп таралған түрі. Қазақстанда жезөкшелік қызметті ұйымдастыратын айналысатын орындарда ұстау адам саудасының бір түрі; бұдан бөлек, елімізде жыл сайын осы саладағы әйелдерге жоғары ақы төленетін «жұмыс» ұсынатын ондаған интернет-ресурстар жабылады.