Қазақстанда хостел көбеіп келеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлік болды. Былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Статистика бюросының мәліметінше, 2 215 хостел қалада, 1 633-і ауылда. Олардың ішінде (2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда):

  • Мейрамханасы бар қонақүй – 751 (-48);
  • Мейрамханасы жоқ қонақүй – 1450 (+42);
  • Демалыс үйі – 96 (+9);
  • Демалыс пансионаты – 28 (0);
  • Балалар лагері – 110 (-1);
  • Туристік база – 52 (0);
  • Кемпинг – 38 (+4);
  • Хостел – 111 (+35).

Ең көп орын саны дәстүрлі түрде Алматыда – 337 және Жетісу облысында – 334. Ең азы – Ұлытау облысында – 24.