2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 63,4 мың техника жасалды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 25,5% артық, деп хабарлайды LS Қазақстан автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.
Шығарылған техниканың жалпы құны 499,3 млрд теңге. Былтырғыдан 32,6% көп.
Өндірістің басым бөлігі жеңіл автокөліктер. Олардың саны 55 мың, былтырғыдан 30,8% ұлғайған.
Сонымен қатар жүк көліктері өндірісі де 32,1% артып 7 мың болды.
Бұдан бөлек 872 автобус, 489 тіркеме мен жартылай тіркеме және 211 арнайы техника құрастылды.
Өндірістің жартысынан көбі ""СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" зауытына тиесілі. Қостанай зауыты биыл 38,3 мың жеңіл, жүк және автобус шығарды. Көрсеткіш былтырғыдан 46,8% көбейген.
Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 19,6 мың көлік құрастырды.
Семейдегі СемАЗ 3,1 мың коммерциялық техника шығарды. Былтырғыдан 58,9% көп.
Көкшетаудағы "КАМАЗ Инжиниринг" 1,1 мың жүк көлігін (+43,1%), алматылық Hyundai Trans Auto 586 коммерциялық көлік(+68,9%), Daewoo Bus Kazakhstan 207 техника (-39,6%). шығарды. Cараңдағы жаңа QazTechna зауыты 143 автобус шығарды.
Ең көп шығарылған көліктер қатарында Chevrolet (23,5 мың), Hyundai (19,6 мың), Kia (6,9 мың), JAC (4,5 мың) және GAZ (3,1 мың) көліктері.