Жыл басынан бергі 5 айда ауданы 5,7 млрд теңгеге 10 мың шаршы метр сауда орындары салынды.

2022 жылдың осы уақытымен салыстырғанда көрсеткіш 9 есе (5,1 млрд теңгеге), 2021 жылы 18 есе (5,4 млрд теңгеге) көп, деп хабарлайды статистика бюросы.

Салынған ғимараттардың күрт көбеюінің бір себебі, алдағы төрт жылдағы көрсеткіштің төмендігі. 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында көрсеткіш 4,9 млрд теңге болды. Ол кезде, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салынған ғимараттар ауданы 5 есе немесе 3,9 млрд теңгеге өсті.

Қалай болғанда да, қазіргі қарқын алдағы уақытта сауда орталықтарының көптеп ашыла бастайтынын көрсетеді. 

  • 2019 жылы 11 сауда-сауық орталығы мен 41 сауда үйі пайдалануға берілді;
  • 2020 жылы – 10 сауда-сауық орталығы және 55 сауда үйі;
  • 2021 жылы – 8 сауда-сауық орталығы және 51 сауда үйі;
  • 2022 жылы – 19 сауда-сауық орталығы және 92 сауда үйі;
  • 2023 (1-тоқсан) – 4 сауда-сауық орталығы және 23 сауда үйі.