Қазақстан халқына қоры грант пен стипендия береді

2026-2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында мектеп түлектеріне университеттерде оқу үшін қосымша 350 грант бөлді.

Ауылдық елді мекендердегі, шағын қалалардағы және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері мына санаттардың біріне жатса:

  • жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдар;

  • мүгедек адамдар;

  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, сондай-ақ мүгедек ата-аналардың балалары.

  • Білім беру грантын алушылар жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысын өтейді.

Сонымен қатар, студенттер оқу барысында ай сайын 60 мың теңге стипендия. Стипендия жазғы демалысты қоспағанда, жыл сайын 10 ай бойы беріледі.