2020 жылы сауда айналымы 767,9 млн доллар болса, 2021 жылы көрсеткіш 1 млрд доллар болды.
Дей тұрғанмен, бұл көрсеткіш әлі де болса аз. 2016-2019 жылдары көрсеткіш 1,3–1,6 млрд доллар аралығында болған еді. Ал 2012, 2013 жылдары тіпті тиісінше 5,3 млрд және 4,3 млрд доллар болған еді.
2014 жылға дейін өзара сауда айналымында Қазақстаннан Украинадан импорт көп болса, 2014 жылдан бері керісінше импорт азайып экспорт көбейе бастады. 2021 жылы Қазақстаннан Украинаға экспорт өзара сауда айналымының 56%-ын құрап 575,2 млн доллар болса, импорт 451,4 млн долларға жетті.
Атап айтқанда Қазақстаннан Украинаға 792,6 мың тонна тас көмір, 223 мың тонна минералды және химиялық тыңайтқыш, 12,7 мың тонна өңделмеген цинк, 14,8 мың тонна ферроқорытпа экспортталды.
Ал Украинадан 19 мың тонна ет, 879 тонна дәрі-дәрмек, 9,7 мың тонна қағаз бен картон, 3,2 мың тонна ауыл шаруашылық құрылғылары, 13,8 мың тонна кандитер өнімдері импортталды.
Қазір елде украиналықтардың қатысуымен 796 компания бар. Бұл былтырғыдан 11,5% көп.
Украиналық компаниялардың көпшілігі сауда мен автокөлік жөндеу саласында. Олардың саны 351. Артынша кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (80 компания), сонымен қатар құрылыс (57 компания) саласы.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Украинадан тікелей инвестиция 1,7 млн долларды құрады. Алдыңғы жылғы осы уақыттағыдан 6,5 есе көп. Дегенмен, 2019 жылғы тоғыз айдағыдан 2,5 есе аз.
Ал Қазақстаннан Украинаға тікелей инвестиция былтырғы алғашқы тоғыз айда 8,1 млн доллар болды, алдыңғы жылы көрсеткіш 3,5 млн доллар болған еді.