Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы ресейлік мұнайды республика аумағы арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісімді ратификациялады.

Қазақстан арқылы тасымалданатын мұнай көлемі жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін артады.

Туймазы – Омбы – Новосибирск мұнай құбырының қазақстандық учаскесінде мұнай тасымалдау тарифі $2,1 мөлшерінде белгіленеді.

Қазақстан арқылы тасымалданатын мұнайдың тарифі тоннасына $15 болады.

Келісім 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.