Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылы мұнай өндіру және экспорттау көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«2023 жылы Қазақстанда 90 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылғы 84,2 млн тонна көрсеткіштен 6,9% жоғары. Қарашығанақта өндіріс үстіртін жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру жобалары аясында құны 970 млн доллар болатын 5-ші, құны 734,6 млн доллар болатын 6-шы компрессордың құрылысы басталды. Аяқтау мерзімі сәйкесінше 2025 және 2028 жылдар», — деді министр.

Мұнай экспорты да өсіп, 70,5 млн тоннаны немесе 109,6%-ды құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 64,3 млн тонна болды.

«Каспий Құбыр Консоруциумыныңы қазақстандық бөлігіндегі бөгеттерді жою жобасы аяқталды. Бұл өткізу қабілеттілігін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды. «Транснефть» ПАҚ жүйесі арқылы жаңа бағыт бойынша қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбыры арқылы Шведт мұнай өңдеу зауыты бағытында Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалданды, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы экспортты 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52% арттыруға мүмкіндік берді», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол 2023 жылы Қытайға 1,2 млн тонна, Өзбекстанға теміржол арқылы 0,065 млн тонна қазақстандық мұнай экспортталғанын қосты.

«Ресей мұнайының ел арқылы транзиті: Қытайға – 10 миллион тонна, Өзбекстанға – 0,15 миллион тонна болды. «Дружба» жүйесі бойынша 1,2 млн тонна, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша 2024 жылға сәйкес 1,5 млн тонна көлемінде мұнай тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілді», — деді министр.