Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбек кеден органдары келісім бойынша күшейтілген жұмыс режиміне өтті.
Кездесулер өткізіліп, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері қаралды. Сондай-ақ, өткізу пунктеріндегі кедендік ресімдеу бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша келісімдер талқыланып, қол жеткізілді.
Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пунктері арқылы өткізілген көлік құралдары келесідей:
- «Қазығұрт» өткізу пункті – 2 243 жүк көлік құралы;
- «Б. Қонысбаев» өткізу пункті – 4 280 жүк көлік құралы;
- «Атамекен» өткізу пункті – 1 796 жүк көлік құралы.
- Бір жүк көлік құралын ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды.
Сонымен қатар, жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі (cgr.qoldau.kz) немесе Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz) кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз.