I тоқсанда шетелдік нарыққа 0,3 млрд текше метр тауарлық газ жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,1 есе немесе 1,7 млрд текше метрге аз. Қазіргі деңгейі кедендік статистиканың деректері бойынша, кем дегенде 10 жылдағы ең төменгі деңгей.
Экспорт тауарлық газ ресурстарының азаюынан құлдырауда. Қаңтар-наурыз айларында олар 20%, 3,5 млрд текше метрге дейін төмендеді. Себебі импорт күрт қысқарды — 65%, 0,6 млрд текше метрге дейін. Ал өндіріс, керісінше, 13%, 2,9 млрд текше метрге дейін өсті.
Экспорттық жеткізілімдердің сиреуінің нәтижесінде тауарлық газдың барлығы дерлік жергілікті нарыққа кетті — 92% (3,2 млрд текше метр). Өткен тоғыз жылда I тоқсанда мұндай жағдай ешқашан болған емес.
Негізінде, осылай болуы да керек еді. Үкіметтің мақсаты — 2030 жылға қарай қазақстандықтардың 65%-ын газбен қамтамасыз ету. Алайда бұл нәтижеге экспорттан бас тарту арқылы қол жеткізбек пе?