Қазақстан ХХІ ғасырда әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың үштігіне енді. Бұл туралы РИА Новости ХВҚ мен Дүниежүзілік банк деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ғасырдың басынан бері ел экономикасы 14,2 есе өсіп, 261 миллиард долларды құрады.
ІЖӨ ең жылдам өсімін Эфиопия көрсетті – 19,4 еседен 160 миллиард долларға дейін.
Одан кейін Қытай экоромикасы 14,6 есе өсіп, 17,7 триллион долларға жетті.
Жапония экономикасы керісінше 15% төмендеп, 4,2 триллион долларға дейін төмендеген жалғыз ел болды (XX ғасырдың аяғында – 5 триллион доллар болған).