Биыл қаңтар-шілдеде Қазақстан 1,2 млрд АҚШ долларына 4,5 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Физикалық көрсеткіште өсім 35,9% болса, ақшалай түрде 15,3% ғана болды.
Өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 3,2 мың тонна – былтырғыдан 39,7% артық. Бұл барлық экспорттың 70,7%-ы. Ең көп Өзбекстанға (2,2 млн тонна), Тәжікстанға (496,5 мың тонна) және Түрікменстанға (331,8 мың тонна) сатылды.
ТМД-дан басқа елдерге 1,3 млн тонна бидай жөнелтілді, былтырғыдан 27,5% артық. Мұнда негізінен Ауғанстан ҚР-дан 326,3 мың тонна бидай сатып алуды, көрсеткіш бір жылда 22,1% көбейген. Үздік үштікке Қытай (315,4 мың тонна) мен Италия (267,9 мың тонна) кірді.
Сонымен қатар, биыл шілденің соңында экспорттық баға бір айда 7,9%, бір жылда 12,9% төмендеді.
Ай сайынғы динамикада ТМД елдеріне баға 12,4%, басқа елдерге 2,4% төмендеді.
Жылдық динамикада ТМД елдеріне баға бірден 26,2% төмендесе, басқа елдерге 11,5% өсті.
Тамыз айында ФАО дәнді-дақылдар бағасы индексінің орташа мәні 125 тармақты құрады – шілдедегі көрсеткіштен 0,9 тармаққа (немесе 0,7%) және былтырғымен салыстырғанда 20,6 тармаққа (немесе 14,1%) төмен. Дүниежүзілік бидай бағасы 3,8% төмендеді, бұл негізінен солтүстік жарты шардағы жетекші экспорттаушы елдерден егіннің күшті маусымдық жеткізілімінің артуы есебінен болды.
Жалпы, Қазақстан бидай өндірісі бойынша үздік 15 елдің қатарына енді. World Population Review мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанда 14,3 млн тонна бидай өндірілді. Ол кезде ел 14-орында болатын.
ТМД елдерінің ішінде Ресейде (85,9 млн тонна, ҚР-дан 6 есе көп) және Украинада* (24,9 млн тонна, ҚР-дан 74,7% артық) өндіріс айтарлықтай болды. Ескерту: қазіргі жағдай Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
ТМД-дан басқа елдерге келетін болсақ, 2020 жылы Өзбекстанда 6,2 млн тонна, Беларусьте – 2,8 млн тонна, Әзірбайжанда – 1,8 млн тонна, Түрікменстанда – 1,3 млн тонна, Тәжікстанда – 846 мың тонна, Қырғызстанда – 629,1 мың тонна, Молдовада – 569,7 мың тонна, Арменияда – 132 мың тонна өндірілді.