QazaqGaz 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес:
- Меншікті капитал 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 1,8 трлн теңгеден 2,2 трлн теңгеге;
- Жиынтық актив 2,7 трлн теңгеден 3,2 трлн теңгеге;
- Жиынтық міндеттеме 946,6 млрд теңгеден 981,8 млрд теңгеге көбейді;
- Жалпы табыс 191,9 млрд теңгеден 145,6 млрд теңгеге;
- Таза пайда 400,2 млрд теңгеден 386,6 млрд теңгеге азайды.
- Жай акцияның баланстық құны 4 772 теңгеден 5 826 теңгеге өсті.