«QazTrade» ССДО» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева электрондық сауданы дамыту туралы айтты, деп хабарлайды LS.

Екі жыл бойы біздің компания қазақстандық экспорттаушыларды «Алтын аккаунтпен» Alibaba маркетплейсіне шығаруда көмек көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта алаңда 100 компания сауда жасайды (олардың 50-і алаңға айдың басында шықты).

Екі кезеңді іске асыру қорытындысы бойынша 62,5 млн. АҚШ долл. сомасына келісімшарттар жасалды.

Сонымен қатар, спикер хабарлағандай, «алаң арқылы жаңа өткізу нарықтары игерілді: Марокко, Израиль, Еуропа, АҚШ, Араб елдері және т.б. Экспорттың жаңа тауарлары пайда болды, олар: полипропилен сүзгілер, үй жануарларына арналған табиғи азық қоспалары, балалар пластикалық ойыншықтары, пайдалы тамақ өнімдері және т. б.».

Бұдан басқа, компания бірқатар басқа халықаралық маркетплейстерге шығу үшін талдамалық шолулар мен қадамдық нұсқаулықтарды әзірледі: Rakuten, Amazon, Ozon, TradeKey, GlobalSources, eMag, Allegro, KazanExpress, ресейлік маркетплейстер Wildberries, СДЭК, Яндекс.Мартты қоса алғанда.

Шетелде әлеуетті сатып алушыларды табуға жәрдемдесу Qaztrade маңызды функционалдарының бірі болып табылады.

Бұл әсіресе ковидтік шектеулер жағдайында өзекті болы табылады. Соңғы бір жарым жыл ішінде бизнес QazTrade-нің көмегімен экспорттық ағындарды дәстүрлі бағыттардан жаңа өткізу нарықтарына қайта бағдарлай алды.

«Мәселен, мұздатылған ет экспорты Қытай мен Орталық Азия нарықтарынан Таяу Шығыс елдеріне жөнелтілді. Атап айтқанда, Оптоград компаниясы БАӘ-ге экспортын 500 мың долларға арттыра алды. KazIrAgro мақсары майын өндіруші Қытай нарығын уақытша катарлық және американдық нарыққа ауыстырды.

«Мамыр айында «QazTrade» компаниясы Орталық Азиядағы бизнес серіктестерді іздеу үшін ең ірі жаһандық платформа - Opportunity Network компаниясымен келісім жасасқан алғашқы компания болды», - деді брифинг барысында QazTrade Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева.

«Енді QazTrade клиенттері 140 елдегі компаниялардың 45 000 иеленушілері мен топ-менеджерлерімен тікелей байланыса алады.

QazTrade Бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейханов қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарда танымал ету және сенімді сатып алушыларды іздеу мақсатында әлемнің 40 еліндегі ҚР шетелдік мекемелерімен жасалған елдік экспорттық бағдарламалар бастамаланғанын хабарлады.

"Душанбеге локомотивтер, электр трансформаторлары жеткізіледі. Әзірбайжанға - жиһаз және үй тоқыма, Өзбекстанға - су сүзгілері, электронды есік құлыптары және қонақ үйлерге арналған кәсіби тұрмыстық химия, IT-қызметтер жіберіледі", дейді «QazTrade» «ССДО» АҚ Бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейханов.

Сондай-ақ, сүт өнімдерін, тамақ және техникалық тұзды, макарон өнімдерін, ет өнімдері мен деликатестерді, тұрмыстық және өнеркәсіптік химияны жеткізуге экспорттық шарттарға қол қойылды.

QazTrade компаниясы, спикердің айтуынша, экспортқа бағытталған жобаларға инвестициялар тарту бойынша да жұмыс істеуде.

QazTrade Қазақстандағы алюминий қайта бөлу өндірісінің жағдайы бойынша талдау дайындады. Constellium халықаралық холдингі үшін Қазақстанда қосылған құны жоғары алюминий бұйымдары мен жиынтықтауыштардың (экструзиялық дайындамалар, профильдер және т.б.) өндірісін ұйымдастырудың әлеуетті тетігі ұсынылды.

Локализация үлесін арттыру бөлігінде автоөндірушілермен жұмыс жүргізілуде. Іске асыру барысында Қазақстанда Hyundai автомобильдеріне («АГФ-групп» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС) арналған кілемшелерді және одан әрі экспортқа бағытталған «СарыарқаАвтоПром» автомобильдеріне арналған отандық өндірістің кабельдік-өткізгіш өнімдерін дайындау жобалары жүзеге асырылуда.

2021 жылғы жоспарланған нәтиже - 100 млн. АҚШ доллары түрінде экспорттық түсім.