Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 бірінші тоқсанында Қазақстаннан шетелге тікелей инвестиция көлемі былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 12,2% азайып, $765 млн болды.

Салалар бойынша қазақстандық инвесторлар ең көп қаржы және сақтандыру қызметіне $445,1 млн инвестициялады.

Құрылыс саласына $67,1 млн, үй шаруашылығына $58,8 млн, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге $57,7 млн қаржы салған.

Сонымен қатар шетелдің көлік және қоймалау бизнесіне $44,5 млн, өңдеу өнеркәсібіне шамамен $35 млн, жылжымайтын мүлікпен операцияларға $15,6 млн инвестиция салды.

Электрмен қамту, қонақүй және тамақтану саласына $300 мыңнан, ал сумен қамтуға $100 инвестициялады.