Салық түсімдерінің азаюы үкіметті қаңтар-мамыр айларында Ұлттық қордан 2024 жылға жоспарланған трансферттер көлемінің 87%-ға жуығын шығаруға мәжбүр етті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.
Экономист Ғалымжан Айтқазин мұндай жағдайда трансферттерден бөлек, бюджеттік процедураларды және парламентті айналып өтіп, акцияларды сатып алу арқылы Ұлттық қордан қаражат алу схемасын қайта пайдалану ықтималдығы артады деп есептейді.
Еске салайық, 2023 жылы Қаржы министрлігі бұл үшін Ұлттық қордың 1,3 трлн теңге қаражатын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінен «ҚазМұнайГаздың» 20 пайыздық үлесін жеңілдікпен сатып алған болатын. Кейін бұл қаражат дивиденд түрінде Қаржы министрлігіне аударылды.
Бір қызығы, өткен аптада үкімет «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының акцияларын осы схемаға пайдалануға рұқсат берді.
Ал, сарапшылар Қаржы министрлігінің бұл әрекеттерін әлденеше рет сынға алды, өйткені олар нарықтық механизмдерді бұрмалайды.