2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2,1 трлн теңгеге дейін 4,0%  ұлғайды.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 68,9% (1,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,1% (132 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (104 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы қаңтарда 1,4 трлн теңгеге дейін 5,2% ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы қаңтарда 2,0% немесе 15,1 млрд теңгеге 790 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен көбейді.

2023 жылғы қаңтарда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 15,8 млрд теңге болды.

2023 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 945 505 шартты құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 35,9% көп. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (36,3% немесе 124 197 шарт), туристі сақтандыру (232,1% немесе 57 206 шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы қаңтарда 108 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтарға қарағанда 25,2%-ға немесе 22 млрд теңгеге көп.  Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша 2023 жылғы қаңтарда 15 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,8% көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру есебінен болды (өсу 56,5% немесе 3,2 млрд теңгеге).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы қаңтарда 26 млрд теңге құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 24,0% көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 54,3% немесе 4 млрд теңгеге өсуімен байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары   2023 жылғы қаңтарда 67 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,9% көп. Өсу, негізінен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 108% немесе 4 млрд теңгеге және автомобиль көлігін сақтандыру бойынша 120% 3 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы қаңтарда сақтандыру төлемдері 14 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 52,2% көп. Өсу, негізінен, мүлікті, автомобиль көлігін және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдердің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы қаңтарда барлығы 102 550 төлем жүзеге асырылды.