Биыл қаңтарда мемлекеттік бюджет кірісі 1 733 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 289 млрд теңгеге немесе 19,9% артық.

Биыл қаңтарда кірістердің өсуі салық түсімдерінің оң динамикасымен қамтамасыз етілді (2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда +348,2 млрд теңге немесе 31,6%). Бұл ретте трансферттердің түсімдері 67 млрд теңгеге немесе 22,2% азайды.

Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылғы қаңтарда ең үлкен өсімді мыналар көрсетті:

ҚҚС – 2022 жылы тауар айналымының өсу қарқынының сақталуына байланысты 111,7 млрд теңгеге (59,9%) өсу;

КТС – 131,3 млрд теңгеге (26%) өсті, бұл жалпы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты;

ЖТС – орташа жалақының номиналды түрде 2,9%, нақты мәнде – 22,9% артуы есебінен 27,2 млрд теңгеге (24,4%) өсті (2022 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша).

Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж салығы – әлемдік нарықтағы қолайлы жағдайларға байланысты 1,7 млрд теңгеге (1,2%) өсті.

2023 жылғы қаңтардың аяғында мемлекеттік бюджеттің сальдосы 122,5 млрд теңгені құрап, профицитті құрады. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде профицит 77,3 млрд теңгеге немесе 38,7% азайды.