Foreign Policy басылымы Нобель сыйлығы иегерлері мен беделді экономистерден COVID-19 пандемиясынан кейін әлем эконмоикасының қалай өзгеретіні туралы пікірлерін сұрады.
Кишоре Махбубани, Сингапур Ұлттық университетінің Азия зерттеу институтының ғылыми қызметкері.
Короновирус пандемиясы бұрын басталған үрдістерге одан сайын қарқын берді. Нақтырақ айтар болсақ, жаһананудың орталығы АҚШ-тан Қытайға ауысты.
Оныңсебебі, АҚШ халқы жаһандану мен халықаралық саудадан көңілдері қалды. Мәселе Трампта емес, АҚШ азаматтарының арасында жаһандық саудадан оқшаулануды қалаушылар ұлғайды. Ал Қытай керісінше халықаралық сауданың артықшылықтарын көріп отыр. Бұл үрдістер Қытай халқының өздеріне деген сенімділіктерін де арттыра түсті.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда АҚШ үшін Қытаймен әріптестік орнатқан тиімді, бірақ екі ел арасындағы бұзылған байланыс енді оңайлықпен түзеле қоймайтыны анық.
Лаура Тайсон, АҚШ-тың бұрынғы президенті Клинтонның кезінде экономикалық кеңесшісі.
Біріншіден, пандемиядан кейін цифрландыру одан сайын артса, екіншіден, біліктілігі орташа мамандарға сұраныс төменеп, жоғары білікті мамандарға сұраныс артады.
Экономикада сервистік салалардың үлесі артады. Алайда, қонақүй, бөлшек сауда, туризм, білім беру, денсаулық және мемлекеттік қызметтегі жұмыскерлер саны азаюы ықтимал.
Сонымен қатар, орташа білікті мамандарды жалдайтын шағын бизнес субъектілері бәсекеге таласа алмай, жабылып қалуы мүмкін.
Адам Туз, Колумбия университеті Еуропа институтының директоры.
Қалыпты экономика енді қайтып келмейді. Шағын және микробизнестің көбі қазір жұмыскерлерін қысқартты. Короновирус аяқталғаннан кейін олардың қызмкеткерлерді қайта жұмысқа алуы екіталай. Олардың дағдарыс кезінде жұмыс істеп үйренгендері нарықтан өз орнын тауып кетеді. Ал жол таба алмағандары бәсекеге ілесе алмай жабылып қалады.
Езуар Прасад, Корнель университетінің сауда саясаты профессоры.
Тәуекелге бара қоймайтын, консерватив жұмыс істейтін орталық банктер өздерінің креативтілігін көрсетіп үлгерді.
Бұл жолғы дағдарыстан тек орталық банктердің ғана көмігемен шығуға болады. АҚШ Федералды резерв жүйесі өзге елдердің орталық банктеріне қарыз бере бастады. Еуропаның орталық банкі де ЕО елдерін қаражатсыз қалдырмайды. Британияның орталық банкі үкіметтің шығындарын тікелей қаржыландыра бастады. Үндістанның орталық банкі де үлкен тәуекелге барды.