Қайталама тұрғын үй нарығындағы баға қайтадан құлдырады. Статистика бюросы дерегінше, маусымда республика бойынша тұрғын үй құны 0,5% төмендеп, 486,9 мың теңгені құрады. Ал бағаның төмендеуі соңғы 4 айдың 3-інде байқалды (мамырда баға өзгерген жоқ).
Яғни, қайталама нарықтағы баспана ақпан айынан бері қымбаттаған жоқ. Қазір республика бойынша орташа есеппен шаршы метр жыл басындағыдан 2% арзан. Ал бір жыл бұрынғыдан 1,9% қымбат.
Маусымда 6 ірі қалада қайталама нарық арзандады:
- Көкшетау – 4,2%
- Ақтау – 2,5%
- Алматы – 1,2%
- Өскемен, Қарағанды және Қостанай – 0,4%
Бағаның өсуін тек Талдықорған қаласында ғана ресми статистика көрсетіп отыр – 1,1%. Қалған қалалардың барлығында маусым айында қайталама тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ.
Жаңа үйлердің бағасы шамалы болса да – 0,2% (жыл басынан бері – 1,7%) өсті. Өсім 4 қалада байқалады:
- Семей – 2,8%
- Шымкент – 2,1%
- Талдықорған – 1,4%
- Ақтау – 0,5%
Көкшетауда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 3,1% арзандады. Басқа қалаларда ол өзгерген жоқ.
Республика бойынша бір шаршының орташа құны 486,9 мың теңгені құрайды.