26 мамырда Алматыда коммуникация саласының қазақстандық және халықаралық мамандарының қатысуымен жыл сайынғы PR-форум өтті.

Бірнеше жылдан бері форум Қазақстанның және жақын шетелдің PR мамандарына арналған коммуникация және қоғаммен байланыс саласында тәжірибе алмасу, нетворкинг және өзекті мәселелердің жауабын іздейтін негізгі алаң болып келеді. Конференцияны әдеттегідей «PR-шы» клубы мен PG Communications агенттігі ұйымдастырды.
 
Былтырғы PR-форумнан бері элита ауысуы мен геосаяси процестердің нәтижесінде болған коммуникация мен ақпараттық алаңдағы парадигмадағы бірқатар айтарлықтай өзгерістерді байқалық. Конференция барысында спикерлер PR нарығының жергілікті және халықаралық үрдістерінің өзгерістерін айтып, PR мамандарының арасында жүргізілген зерттеу мен сауалнама нәтижелерін таныстырды. Қатысушылар сонымен қатар геосаясаттың коммуникацияға әсерін талқылап, жақын болашақта коммуникаторлар арасында қандай машықтардың ең көп сұранысқа ие болатыны туралы ойларын ортаға салды.

 «Әдет бойынша біз форум бағдарламасына қазір біздің кәсіби ортаны көп алаңдататын тақырыптарды барынша қостық. Оның ішінде Қазақстанның коммуникация нарығындағы негізгі үрдістердің ішінде біз жасанды интеллектің ықпалы, қазақ тілді контенттің тұтынылуының көбеюі және аудиторияның түпнұсқаға деген қажеттілігін, блогерлер қызметін реттеу мәселесін, нәтижесінде жаңа ереженің қалыптасуы мен жаңа этикалық стандарттардың туындау мүмкіндігі бар», - дейді Қазақстан Баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова. 

Жыл сайын қазақ тілді сапалы түпнұсқа контентке сұраныс артып келеді. Жергілікті коммуникцияның қазіргі жағдайы, аудитория қажеттілігіне қарау өзгеруге дайын болу және белгілі кейстер форумның екінші пленарлық отырысында талқыланды. 

Форум PR саласындағы инновациялық тәсілдердің соңғы үрдістерін, коммуникация нарығының трансформациясы, PR мамандарына жаңа үрдіс пен мүмкіндіктерді талқылау алаңына айналды. Коммуникация саласының беделді сарапшылары өздерінің білімі ме тәжірибелерін жас мамандарға түсіндірді. Ұйымдар мен компаниялардағы PR жетекшілердің өзін позициялау туралы сессия көпшіліктің қызығушылығын арттырды.



«Үздік PR маман болу үшін коммуникация саласында өзіңіздің сараптамалық ойыңызды көрсетіп, басшылық пен әріптестерге идеяңызды жеткізе алу керек. Сонымен қатар, PR жетекшілері мен мамандары компанияның мақсаты мен міндеттерін нақты түсініп, оған жетуге өз қызметі арқылы үлес қосуы қажет. Сіз таңдаған PR стратегияны дұрыс екенін бірінші жетекшіге дәлелдей алу үшін аналитикалық және метрикалық құралдарды пайдаланып, компания мен оның бірінші жетекшісінің ақылға қонымды имиджін қалыптастыра отырып қандай мақсатқа жетуге болатынын көрсету керек. Материалды емес бұл актив стейкхолдерлердің сенімі мен компанияның қаржылық көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді», - дейді Jusan Bank PR директор Гаухар Керімова.

Гаухар Керімова көтерген басты тақырыптардың бірі ұйым ішінде және басшылық алдында PR мамандарының өздерін өздері позициялау. Бұл жұмыстың жемісті болуы мен қызметкерлердің компания имиджі мен репутациясын қорғауға дайын бренд адвокаттары ретінде қалыптасуы тұрғысынан маңызды. Ал бұл мақсатқа жету үшін, сарапшының айтуынша, тек сыртқы аудиториямен ғана емес, сонымен қатар ішкі әріптестермен де коммуникация құру қажет. Сонымен қатар, жеке имидж, кәсіби өсу және проактив жұмыс істеуге көңіл бөлген жөн. Егер компания басшылығын белгілі бір PR стартегияға көндіру керек болса, аналитика мен көпшілік алдында таныстыру жасау машықтарын дамыту қажет. Гаухар Керімованың айтуынша, PR маманның жаңаша өсуіне, өзін көрсетуі мен кәсіби мүмкіндіктерін іске асыруына дағдарыс уақыттары таптырмас мүмкіндік.



Жасанды интеллекттің коммуникацияға ықпалы пен ESG-тәжірибені енгізу форум жұмысы үшін биыл жаңа тақырыптар болды. Тұрақты даму мақсаттары бойынша қалай дұрыс коммуникация құру керектігі туралы шақырылған қонақтар жеке сессияда айтты. Ал пиаршы жұмысында нейрожелі мен жасанды интеллекті тиімді пайдалануға қатысты шеберлік сабағы өтті. Коммуникаторлар жұмысындағы эмоциялық аспектілерді де форум ұйымдастырушылары назардан тыс қалдырмады. Медиативті практикум барысында қатысушылар өздерінің эмоциялық иммунитетін жетілдіріп, шығармашылық және өзін өзі дамыту арқылы стресс пен кәсіби шаршауға төтеп беруге көмектесетін жаттығу жасады.

Айта кетейік, осы коммуникция саласындағы маңызды шараға серіктестердің бірі Jusan Bank болды. Халықаралық PR форумға банктің қатысуы ақпараттық нарықта коммуникация мен позициялауға қаншалықты мән беретінін көрсетеді. Банк басшылығы қоғаммен дұрыс байланыс құру заманауи бизнесте барлық тиісті аудиториямен диалог құруға көмектесетініне сенеді.