Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ 2023 жылдың 20 тамызына дейін өзінің жай акциялары бойынша 67 224 699 900 теңге сомасына 2022 жылғы дивидендтер төлейтіні туралы хабарлады. Бұл банктің таза пайдасының 70%-ы.
Банк дивидендті жалғыз акционері Бәйтерек холдингіне төлейді.
Тағы 28,8 млрд теңге банктің өзінде қалады.
Естеріңізге сала кетейік, банк 2022 жылы 96 млрд теңге таза табыс тапқан еді.
2022 жылы банктің меншікті капиталы 2021 жылы 381,1 млрд теңгеден 2022 жылы 462,3 млрд теңгеге өсті.
Жиынтық актив көлемі 2,8 трлн теңгеден 3,4 трлн теңгеге ұлғайған.
Ал жиынтық міндеттемелер 2,4 трлн теңден 3 трлн теңгеге жетті.
Таза пайда 65,8 млрд теңгеден 96 млрд теңгеге көбейген.