Отбасы банк 2022 жылға аудиторлық есепті жариялады.
Есепте көрсетілгендей, банктің меншікті капиталы 2021 жылы 381,1 млрд теңгеден 2022 жылы 462,3 млрд теңгеге өсті.
Жиынтық актив көлемі 2,8 трлн теңгеден 3,4 трлн теңгеге ұлғайған.
Ал жиынтық міндеттемелер 2,4 трлн теңден 3 трлн теңгеге жетті.
Таза пайда 65,8 млрд теңгеден 96 млрд теңгеге көбейген.
Компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік , Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді.