2026 жылғы 21 қыркүйекте The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде Орталық Азиядағы микрофинанс нарығының болашағын талқылауға арналған негізгі өңірлік алаң — Орталық Азия микроқаржы форумы өтеді.
Форум Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің қаржы секторының 400-ге жуық өкілін біріктіреді. Қатысушылар арасында микроқаржы ұйымдарының басшылары, мемлекеттік реттеуші органдардың, банктердің, халықаралық қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың, даму қорларының, финтех-компаниялардың, несие бюроларының, антифрод платформалардың және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері болады.
Форумның негізгі тақырыбы — «Орталық Азиядағы микроқаржы саласының болашағы». Қатысушылар қазірдің өзінде саланың дамуын айқындап отырған негізгі өзгерістерді талқылайды. Олардың қатарында реттеудің трансформациясы, қаржы қызметтерін цифрландыру, қаржыландырудың жаңа көздері, жасанды интеллектіні енгізу, кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жауапты қаржыландыруды дамыту мәселелері бар.
Форум бағдарламасында жеті панельдік пікірталас, қатар өтетін тақырыптық сессиялар, шеберлік сабағы, негізгі баяндамалар және кәсіби нетворкинг қарастырылған.
Форумның негізгі спикерлері қатарында Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ербол Омарханов; MOST экожүйесінің тең құрылтайшысы және MOST Finance бас директоры Мират Ахметсадықов; Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің кеңесшісі әрі Women in Tech Kazakhstan жетекшісі Әсем Болатжан; «KMF Банк» АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов бар. Сонымен қатар форумға Орталық Азия елдерінің микроқаржы ұйымдарының басшылары, реттеуші органдардың, халықаралық қаржы институттарының, инвестициялық және технологиялық компаниялардың өкілдері қатысады.
Микроқаржы ұйымдарын дамытудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Олардың қатарында бизнестің ашықтығын арттыру, қаржылық тәуекелдерді басқару, шетелдік қорлармен өзара іс-қимыл жасау, банк инфрақұрылымы мен цифрлық шешімдерді енгізу, антифрод жүйелерін дамыту және қаржы секторында жасанды интеллектіні қолдану бар.
Форум сала өкілдерін марапаттау рәсімімен және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға әрі Орталық Азия микроқаржы нарығының орнықты дамуына бағытталған Алматы декларациясын қабылдаумен аяқталады. Іскерлік бағдарлама аяқталғаннан кейін форум спикерлеріне, серіктестеріне және қатысушыларына арналған кешкі қабылдау — Gala Dinner өтеді.
Форумды Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы және Орталық Азия елдерінің микроқаржы ұйымдары қауымдастықтарының Үйлестіру кеңесі ұйымдастырады.
Форумның бас серіктестері: TAS GROUP, Sapa Group, Arnur Credit, Азия Кредит Қоры және MOST Finance.
Форум серіктестерінің қолдауымен: KMF Банк, Jet Finance, R Finance, Tarlan Payments, Бірінші кредиттік бюро, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы және Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (IFAD).
Толық ақпарат, форум бағдарламасы және тіркелу нысаны ресми сайтта қолжетімді: https://forum.amfok.kz/