Freedom қазақстандық кәсіпкерлерге цифрлық тендерлік кепілдіктерді онлайн рәсімдеу мүмкіндігін ұсынады: кепілсіз, банк бөлімшесіне бармай-ақ. Рәсімдеу комиссиясы – 0 теңге.
Сатып алуларға қатысу үшін бизнеске банктік кепілдік қажет және оны шығару үшін әдетте комиссия төлеуге тура келеді. Freedom Банкінде шығындардың бұл бабы толығымен алынып тасталды. Үнемдеуді сауда-саттыққа дайындауға бағыттауға болады.
Өтінімді банктің сайтында беруге болады. Шешімді скорингтік модель негізінде банктің автоматтандырылған жүйесі қабылдайды. Ағымдағы шот бойынша орташа айлық айналымдар есепке алынбайды, кепіл талап етілмейді, банк қызметтерінің сараптамасы қажет емес. Егер клиенттің банкте ағымдағы шоты болмаса, кепілдік ресімделген кезде ол теңгемен автоматты түрде ашылады.
Негізгі шарттар:
Кепілдік беру комиссиясы – 0 теңге;
рәсімдеу толығымен онлайн, мемлекеттік порталдардың үлгілік нысандары бойынша электронды форматта жүзеге асырылады;
кепілсіз және ағымдағы шот бойынша айналымдарды есепке алмай рәсімделеді;
кепілдік мерзімі – өтінімдер ашылған күннен бастап 120 күнтізбелік күнге дейін, бірақ лимит мерзімінен аспауға тиіс;
валютасы: теңге.
Кепілдіктер мемлекеттік мекемелердің конкурстары мен тендерлеріне қатысу үшін беріледі. Өнім жеке кәсіпкерлерге (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (ЖШС) қолжетімді.
«Кәсіпкерлер үшін тендерлік кепілдік – сатып алуларға қатысудың қажетті шарты. Ал оны рәсімдеуге алынатын кез келген комиссия бизнеске қосымша шығын әкеліп, қаражатты басқа мақсаттарға пайдалануға кедергі келтіреді. Сондықтан біз кепілдік беру комиссиясын алып тастап, оны 0 теңгеге теңестірдік. Бұл ретте рәсімдеудің толық цифрлық форматын сақтадық. Біз кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдететін цифрлық шешімдерді одан әрі дамытып, мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігін барынша көп компания үшін қолжетімді етуге ұмтыламыз», – деді Freedom Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Еске сала кетейік, Freedom бизнеске арналған ыңғайлы әрі нарық сұранысына ие өнімдерді жүйелі түрде дамытып келеді. ЖК-ге арналған цифрлық кредит 2023 жылғы наурызда, ал ЖШС-ге арналған цифрлық кредит 2024 жылғы тамызда іске қосылды.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1.1.551.129 банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап банк лицензиясы.