2023 жылдың II тоқсанының соңында елде 6,6 мың орта кәсіпорын болды. 5 жыл ішінде олардың саны 2,9% өсті. Ал шағын бизнес субъектілерінің саны 19% көбейіп, 512,4 мыңға жетті. 

Орта кәсіпорындардың 55% мемлекетке тиесілі. Бұл көрсеткіш оншалықты өзгермейді. 

II тоқсанда зерттелген орта кәсіпорындардың (жалпы кәсіпорындардың 40%-ы) пайдасы 759,1 млрд теңгені құрады. Бұл тарихи максимум. Дегенмен, табыстылық айтарлықтай жоғары емес (17,2%). Бұған өнімнің өзіндік құнының қымбаттығы себеп (3,28 трлн теңге).

Сәуір-маусым айларында орта кәсіпкерлік субъектілері табысының үштен бірін сауда қамтамасыз еткен – 242,7 млрд теңге. Одан кейінгі орында өңдеу саласы (146,5 млрд теңге). Алайда өңдеу саласының пайдасы былтырғыдан 35,7 млрд теңгеге азайған.

Орта кәсіпорындардың 30%-дан астамы табысты емес. Жағдай ең нашар жылу және электрмен жабдықтау секторында (67%). Екінші тоқсандағы жалпы шығын 175,6 млрд теңге болды.