2022 жылы орта есеппен қазақстандық білім беру қызметіне 12,3 мың теңге, ал денсаулық сақтау саласына 12,5 мың теңге жұмсаған. Яғни, айына 1000 теңгедей қаражат оқуға, емделуге жұмсалады. Бұл туралы статистика бюросының мәлімдемесінде айтылған.
2018 жылы білім алуға – 11,9 мың теңге, медицинаға – 10,5 мың теңге жұмсады. Бірнеше жылда көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген.
Аталған екі салада мемлекеттік тегін қызметтің үлесі жоғары екенін ескерген жөн. Бірақ жеке сектор да өсіп келеді.
Салыстыру үшін байланыс қызметіне тоқталар болсақ, 2022 жылы республиканың орташа тұрғыны байланыс саласына 28 838 теңге жұмсады. 2018 жылы көрсеткіш 20 мың теңгеден сәл жоғары болды. Яғни, 43,8% көбейген.
Қорыта айтар болсақ, қазақстандықтар интернет пен ұялы байланысқа оқу мен емделуден көп ақша жұмсайды.