Биыл қаңтар-сәуірінде өнер, ойын-сауық және демалыс саласына салынған күрделі салымдардың көлемі 36,2 млрд теңге болды – бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ақшалай түрде небәрі 2,4% көп (ФКИ – небәрі 98,3%). Бір жыл бұрын қаңтар-сәуірде күрделі салымдар көлемі үштен бірге (ФКИ – 63,1%) қысқарған еді. Бұл ретте 2021 жылы осы кезеңде секторға рекордтық инвестиция тіркелді: 52,9 млрд теңге (ФКИ – 130,9%).
Өңірлер бойынша өнер, ойын-сауық және демалыс саласына инвестицияның ең көп көлемі Шымкентке тиесіліі: 8 млрд теңгеге жуық. Олардан кейін Түркістан (5,7 млрд теңге), Алматы (4 млрд теңге) және Жетісу (3,1 млрд теңге) облыстары.
Биыл секторды қаржыландырудың негізгі көзі жергілікті бюджеттер болды, 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі 7,5 млрд теңгенің орнына 19,9 млрд теңге күрделі инвестиция қарастырылған.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаты 12 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ақшалай түрде 32,1% аз. Республикалық бюджет есебінен инвестиция 2,8 есе, яғни 3,6 млрд теңгеге дейін қысқарды. Банк несиесі мен қарыз қаражат тиісінше небәрі 455 млн және 319,6 млн теңге болды.
Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызмет құны биыл мамырда бір айда 2,7%, бір жылда 16% өсті. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын өсім 8,5% болған.
Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында қымбаттады: бір жылда бірден 40%. Одан кейін Жетісу (37,9%), Батыс Қазақстан (37,6%), Алматы (26,9%) және Ақмола (25,5%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Қостанай облысы: 5,4%.
Балалар аттракциондары секторда айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 24,5%.
Мерекелік шараларды ұйымдастырушылардың қызметі 23,4% қымбаттады. Кинотеатрлар мен театрлар бағаны тиісінше 12,6% және 5,7% көтерді.