Қазақстанда аяқ киім бұйымдарын таңбалау жүйесіндегі өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда субъектілерінің жұмысына арнап таңбалау операторы арнайы жаднамалар әзірледі, деп хабарлайды Атамекен кәсіпкерлер палатасы.
- өндірушілерге арналған жаднама;
- импорттаушыларға арналған жаднама;
- бөлшек саудаға арналған жаднама.
2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанға әкелінген немесе ел аумағында өндірілген аяқ киім тауарлары бөлшек саудада сату кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып таңбалануға жатады. Бұл талап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығымен аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау ережесі бекітілді.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 қарашаға дейін өндірілген немесе елге әкелінген аяқ киім тауарларын 2022 жылғы 1 сәуірге дейін таңбалаусыз (қалдықсыз) сатуға рұқсат етілген.
Таңбалау кодтарына тапсырыс беру үшін кәсіпкерлер 8-800-080-6565 телефоны бойынша «Қазақтелеком» АҚ таңбалау және қадағалау бірыңғай операторына жүгінуі тиіс (Ресми сайты: https://markirovka.ismet.kz/ru/main/about-marking).
Аяқ киімді таңбалау процестеріне байланысты мәселелер бойынша ҚР ИИДМ Индустриялық дамыту комитетіне хабарласуға болады, тел: +7707-991-1025 (Айжан Адилова), сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ таңбалаудың бірыңғай операторына, тел. +7702-552-2449 (Мухаммедхайдар Сейіт) және «Атамекен» ҰКП-ға, хабарласуға болады, тел. + 7701-478-1177 (Райымбек Жүнісов).