KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы шілдеде негізінен корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 14,1 трлн теңгеге дейін 0,4% немесе 63,3 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 4,7%).
2024 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен өткен аймен салыстырғанда 3,5 есе немесе 582,5 млрд теңгеге 812,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 118 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 452 шығарылымы болды.
2024 жылғы шілдеде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі негізінен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Bereke Bank» АҚ корпоративтік облигацияларын орналастыру есебінен 2024 жылғы маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 есе немесе 555,8 млрд теңгеге ұлғайып, 761,8 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуіне, сондай-ақ жекелеген МБҚ шығарылымдары шығарылған шетел валюталарына қатысты теңге бағамының әлсіреуіне байланысты 2024 жылғы шілдеде 5,0% немесе 1,3 трлн теңгеге 26,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 12,1%).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 18,9%-ға немесе 175,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені құрады.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 18,5% немесе 152,5 млрд теңгеге 978,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 80,1 млрд теңгені Астана, Шымкент қ. әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тартты. ҚР Қаржымині 14 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы жылдық 13,00-13,50%-ды құрайтын 898,5 млрд теңгені тартты.