2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2023 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,9%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 6,5%-ға өсу).
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,4% (1,6 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,1% (134 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (101 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы наурызда 1,4 трлн теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 6,3%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы наурызда 2,5%-ға немесе 20 млрд теңгеге 829 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен ұлғайды.
2023 жылғы наурызда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 16,8 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 45,9 млрд теңге).
2023 жылғы наурызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 240 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 14,1%-ға көп.
2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 3 274 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,0%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (24,6%-ға немесе 295 мың шарт), жазатайым оқиғалардан сақтандыру (95,8%-ға немесе 307 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы наурызда 67,9 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 3 айда барлығы 238 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15,2%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 41 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,0%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен сақтандырудың осы сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру есебінен болды (48,3%-ға немесе 4,8 млрд теңгеге өсу).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 3 айда 71 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға аз. Азаю Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыру сыныбының қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен біріктірілуіне байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 127 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,0%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 147%-ға немесе 12 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 9,3%-ға немесе 6 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2023 жылғы наурызда сақтандыру төлемдері 18 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 50 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті, қарыздарды және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.
2023 жылғы наурызда барлығы 99 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 273 мың төлем жүзеге асырылды.