Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы тамызда 2,2%-ға ұлғайып (2024 жылдың басынан бастап 14,8%-ға өсті), 19,2 трлн теңгені құрады. Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 5,8%-ға 12,6 трлн теңге дейін өсті (жыл басынан бері 22,7%-ға өсу). Бұл ретте тұтынушылық кредиттердің негізгі өсуі негізінен өзге қарыздар санатынан тұтынушылық қарыздар санатына шамамен 400 млрд теңге сомаға қарыздарды техникалық қайта жіктеуге байланысты болды.
2024 жылғы тамызда ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй нарығының қалпына келуі жалғасын тапты. Банктердің ипотекалық портфелі 2024 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 1,8%-ға 5,7 трлн теңгеге дейін өсті. 2024 жылғы 8 айда жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,2%-ға артық. Бұл ретте, берілген ипотекалық кредиттер құрылымында нарықтық шарттарда берілген ипотекалық кредиттердің 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45,2%-ға 442,4 млрд теңгеге дейін өсу үрдісі байқалады. Оның ішінде бұл кредиттер бойынша мөлшерлемелердің 2023 жылғы қаңтардағы 22,4%-дан 2024 жылғы тамыздағы 18,2%-ға дейін төмендеуіне байланысты.
Бұл ретте жеңілдікті шарттармен берілген ипотекалық кредиттердің шамалы өсуі байқалады (Отбасы Банк, 7-20-25) – 4%-ға 751,2 млрд теңгеге дейін, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 7,3%-ды құрады (01.01.2023 ж. – 7,6%).
2024 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 19,0%-ды құрады (2024 жылғы шілдеде – 19,3%, 2023 жылғы желтоқсанда – 16,8%).
Кредиттік портфельдің сапасы тұрақты болып қалуда. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,1%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша – 3,1% немесе 1,0 трлн теңге).