Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерсі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-да 84,3 долларға жетті. Осылайша, 2018 жылдан бергі рекордты тағы жаңартып отыр.
Ал WTI бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 81 доллардан асты.
Райффайзенбанк сарапшылары мұны газ бағасының қымбаттауымен байланыстырды.
"Газ бен көмір тапшылығы жылыту маусымында мұнайға деген сұранысты арттыруы мүмкін. Өткен аптада да газ нарығындағы жағдайдың мұнай бағасына әсер еткенін байқадық. Алдағы уақытта мұнайдың газға тәуелділігі арта түсуі ықтимал", дейді сарпашылар.
Еуропадағы мұнай бағасы тамызда қарқынды өсті. Оған желдің бәсеңдеуінен жел энерго станцияларының өнімділігінің төмендеуі мен жылыжыту маусымындағы сұраныстың артуы болды. Сонымен қатар, "Солтүтстік ағын 2" құбырының қаншалықты газ тасымалдайтынының белгісіздігі де бағаны қымбаттатпай қоймады.