Мүгедектер мен жетімдердің жәрдемақысы өседі

Қазақстанда асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 8,5% арттыру жоспарланып отыр. Өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін. Бұл Үкімет қаулысының жобасында қарастырылған. Құжат 15 қазанда «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 2 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдерге қатысты. Оларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар және заңда көзделген жағдайларда олардың отбасы мүшелері алады.

Егер жоба қабылданса, төлем мөлшері 8,5% өседі. Салыстыру үшін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл төлемдер 10% көбейтілген болатын.

МӘСҚ-дан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр азамат үшін жеке есептеледі. Ол әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және басқа да факторларға байланысты. Асыраушысынан айырылу жағдайында асырауындағы адамдардың саны да ескеріледі.