Тамыздың 10 жұлдызында ASP CLUB аумағында LOW KZ MEET автошоуы аясында MG6 бизнес-санатты лифтбэгінің ресми тұсаукесері өтті. 

Өткен сенбі күні MORRIS GARAGES және Қазақстандағы MG ресми дистрибьюторы Genertec Vehicles Kazakhstan жинаған қонақтары 400-ден астам жарқын, спорттық автокөліктерді, жылдамдықты, түтінді жарыстарды, жаппай бернаутты, жұптық дрифт пен жарқын тұсаукесерді тамашалады.

«Өзінің аңызға айналған тарихын 1924 жылдан бастап келе жатқан MORRIS GARAGES — әйгілі британдық автокөлік бренді және әлемге әйгілі спорттық автокөлік өндірушісі. MG бренді мотоспортпен үздіксіз байланысты. Сондықтан LOW KZ MEET автошоуының бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Дәл осы жерде автоэнтузиастардың, автокөлік десе көздері от жанатын қауымның ортасында біз қазақстандық нарықтың жаңалығы — MG6 -ны ұсынғымыз келеді. Спорттық лифтбэгіміз әр адамның талғамына сай келеді», — деп атап өтті Genertec Vehicles Kazakhstan атқарушы директоры Дулат Шөкенов.

MG 6 — С санатындағы седан бола тұра, өз керемет артықшылықтарымен де ерекше. «Бұл динамика мен жайлылықты біріктіретін спорттық ноталары бар лифтбэк. Модель өзінің классикалық қара, қоңыр-сарғыш және батыл қызыл түсті спорттық интерьерімен ерекше. MG6 кең жүксалғышпен жабдықталған, бұл жайт көлікті күнделікті қолдануға ыңғайлы да дұрыс таңдау ретінде көрсетеді. MORRIS GARAGES модельдері Лондонда әзірленіп, бірқатар елдердегі зауыттарда шығарылады», — деп Genertec Vehicles Kazakhstan бас директоры Сун ханым тұсаукесер барысында атап өтті.


MG6 көрнекті сыртқы өлшемдері бар: ұзындығы 4659 мм, ені 1848 мм, биіктігі 1462 мм. Алдыңғы жағы радиаторының ірі ұяшықты торы мен London EYE стиліндегі бас оптикасымен назарды аударады. Бүйірлік профилі стильді жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері мен бүйірлік терезе тіректерінің хром жиектерімен, спорттық көліктердегідей артқы қанаттарынның динамикалық иілуімен ерекшеленеді. Төбесінің тегіс сызығы артқы оське реттілік пен қысым күшін береді.


Ішкі жағынан MG6 классикалық эргономикасымен қарсы алып, барлығына ыңғайлы бола алады. Мультимедиасы 8 дюймді құрайды, осы жайтпен MG6 белсенді жүруге назар аудару қажет болғанда үлкен экран қажеті жоқ екенін қөрсеткісі келді. Көлік жоғары айналымды сақтауға міндеттейді! Интерьердегі былғары бөлшектер орталық консольдегі карбонмен ерекшеленеді, ал спорттық жанасуы мен қолдауы бар орындықтар көлік жүргізуден ләззат алуға көмектеседі. Көлемі 454 литр болатын жүксалғышын 60/40 пропорцияда жиналатын орындықтардың арқасында 1170 литрге дейін арттыруға болады.

«Артқы жағында жарықдиодты шамдардың астында түтік жүйесінің екі қабатты құбыр кеңернеуі орнатылған. Бұл сорғыш арқылы SGE 1.5Т турбо қозғалтқышы өз қуатын шығарады. Көлемі 1 498 текше см, қуаты минутына 5500 айналымда 168 ат күші. Айналу моменті — 1700-4300 айн/мин жағдайында 200 Нм», — деп экшн-аймақта LOW KZ MEET негізін қалаушысы Дархан Ысқақов MG6 тұсаукесері кезінде атап көрсетті.​


Бұл кішкентай құбыжық екі режимді (normal мен sport) жеті жылдамдықты роботты автоматты беріліс қорабымен үйлеседі, керемет жылдамдық алады және спорттық лифтбекте ұшу сезімін береді.

Low KZ MEET тұсаукесерінің құрметіне Қазақстандағы MG ресми дистрибьюторы науқан туралы жариялады — MG6 лифтбэгінің алғашқы 100 сатып алушысы 800 мың теңгеге дейін жеңілдік алып, Comfort жиынтығына 8 590 000 теңге және Deluxe жиынтығына 9 190 000 теңге тиімді бағамен сатып ала алады. Сатылым тамыз айының соңында басталады деп жоспарланған. Ал автокөлікті Қазақстанның 6 қаласында — Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Қарағанды және Түркістанда ресми дилерден сатып алуға болады.

Тұсаукесерден кейін LOW KZ MEET қонақтары көлікті арнайы бөлінген аймақта сынай алды. Әркім өзі үшін көлікте ерекшеліктер тапты.


​«Atameken Business» медиа холдингінің даму жөніндегі директоры Руслан Исмаилов: «MG6 рулінде мен Қытай автомобильдері үшін ерекше спорттық рухты сезіндім. 169 жылқының күші бар бар 1.5 Turbo қозғалтқышы газға қатты әсер етіп, автокөлік жылдамдықты арттырады. Алты жылдамдықты механика анық жұмыс істейді, ауысулары жылдам және сенімді.  Салонның өзі премиум. Жағымды әрлеу материалдары, сапалы құрылыс, жоғары деңгейдегі эргономика. Үлкен сенсорлық экраны бар мультимедиялық жүйесі де керемет. MG 6 келбеті — бұл спорт пен талғампаздықтың қоспасы. Динамикалық сызықтар, агрессивті тор, стильді фаралар — осының бәрі көлікті тартымды және есте қаларлық етеді.  Жалпы, мен бұл көліктің сапасы мен сипатына таң қалдым. MG 6 — бұл жай ғана седан емес, ол стильді және динамикалық көлік, ол тіпті автокөлік әуесқойын таң қалдыруы мүмкін».


MG6-ның жарқын тұсаукесері мен LOW KZ MEET қонақтарының тест-драйв сынағынан басқа, Ресейден Форсаж фильмінен арнайы әкелінген көліктер күтіп тұрды. Айта кететін жайт, жүргізушілер уақытта үлгергісі келіп, ASP аумағына бар жыдлдамдықтарымен жетті. Ал Форсаж тақырыбы жалғасып жатқандықтан, барлығының танитын Макс Сапаров өзінің Jetta жобасымен шықты, ол фильмнің бірінші бөлігіндегі көлікке ұқсас жиналды.


Автошоуда барлығы 400 бірегей автомобиль жобалары ұсынылды, олардың ішінде LOW KZ MEET командасы MG қолдауымен ТОП 8-ді таңдады. Бұл өте есте қаларлық кеш болды — жарқын салют пен қатысушылардың бірінің қызына күтпеген үйлену туралы ұсынысымен аяқталды.