Жекешелендiруге жататын мемлекеттiк активтердiң тiзбесiн қалыптастыру кезiнде IPO, SPO және аукциондарды өткiзудi қоса алғанда, олардың әрқайсысы бойынша жүзеге асырудың шарттары мен әдiстерi айқындалатын болады.

Тізімді бекіту және түзету Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің шешімімен ғана мүмкін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында айтылған.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік бастамасы бойынша объектілерді жекешелендіру мүмкіндігін беру көзделген, ол үшін олар жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің өтінім тізбесі енгізіледі.

2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген тізбе бойынша мемлекеттік активтерді тек жеке инвесторлардың меншікті және тартылған қаражаты есебінен (мемлекеттік және квазимемлекеттік көздерден тартылған және басқа да қаражаттарды тартпай) жаппай жекешелендіру процесін аяқтауы тиіс.