2022-2023 жылдар аралығында Қазақстанға 41,3 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Монополиядан шығару жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша келесілер республикалық меншікке қабылданды:
- 14 ірі акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дегі акциялар мен қатысу үлестері;
- 7 ғимарат, 162 темір жол және құрылыс;
- Автокөлік, ақша және басқа мүлік.
«Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің төрағалығымен заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссия құрылды.
Бүгінгі таңда 1 триллион теңгеге жуық активтер мемлекетке қайтарылды.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» Заң қабылданды.
Бүгінгі күні қарыз сомасы 11,3 миллиард теңгеден асатын 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.
Тарифті қалыптастырудың бүкіл процесінің ашықтық, есеп беру және жариялылық қағидаттарына негізделген тарифтік реформа басталды.