Маусым айында маргарин өндірісі 2 мың тоннаны құрады. Мамырмен салыстырғанда көрсеткіш 52% (1,8 мың тонна), 2022 жылғы маусымда 61% (3,1 мың тонна) төмендеді. Қазір ол 2020 жылдың тамызынан бастап ең төменгі деңгейде, деп хабарлайды статистика бюросы.

Қазір өндіріс тым аз. Мұны жақсырақ көру үшін салыстырар болсақ: 2022 жылы орта есеппен айына 5,4 мың тонна маргарин өндірілді. Бұл қазіргіден 2,7 еседен астам көп.

Сонымен қатар  өндірістің 3-ші ай қатарынан төмендеп бара жатқаны қынжылтады. Соңғы рет мұндай жағдай 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында болған.

Әзірге Қазақстан өзін маргаринмен жартылай қамтамасыз етіп отыр. Өндірістің төмендеу үрдісі сақталатын болса, жыл соңына қарай импортқа тәуелділік артуы мүмкін.

Айтпақшы, отандық өндірістегі проблемалар аясында маргариннің айтарлықтай қымбаттауы байқалмайды. Орташа алғанда, 2023 жылы баға ай сайын орташа есеппен 0,9% қымбаттап келеді, ал бір жыл бұрын орташа есеппен 2,4% болған.