2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі былтырғы осы уақыттағыдан 46,2% өсіп, 427 млрд теңгені құрады.
Инвестицияның 99,4%-ы өсімдік және мал шаруашылығына бағытталған, 424,4 млрд теңге.
Соның ішінде 278,1 млрд теңге бір немесе екі жылдық өсімдік шаруашылығына, 98,2 млрд теңге мал шаруашылығына, 38,9 млрд теңге аралас шаруашылыққа, 7,8 млрд теңге көпжылдық өсімдік шаруашылығына салынды. Ал 1,4 млрд теңге ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және мал шаруашылығының қызметіне қосымша шаруашылыққа салынды.
Тағы 2,5 млрд теңге балық шаруашылығына, 77,3 млн теңге орман шаруашылығына салынды.
Былтыр осы уақытта агроөнеркәсіптік кешенге 292 млрд теңге қаражат салынып, алдыңғы жылдағыдан 10,7% көп болған еді.
Өңірлер бойынша ең көп капитал СҚО 106,4 млрд теңге, (+53,5%), Ақмола (66,8 млрд теңге) мен Павлодар (49,4 млрд теңге) облыстары.
Ал өсім қарқыны бойынша көш басында Маңғыстау облысында 4,6 есе өсіп, 244,3 млн теңге болды. Ал ең көп азаю Батыс Қазақстан облысында 30,8% кеміп, 9,3 млрд теңгені құрады.
Салынған қаражаттың 291,9 млрд теңгесі кәсіпкерлердің өзіндік қаражаты. Былтырғыдан 43,8% көп. Банктік емес қарыз қаражат 116,6 млрд теңге, плюс 76,3%.
Ал банктердің салаға берген қарызы 18,5 млрд теңге, 19,1% былтырғыдан аз. Ал бюджеттен қаражат мүлде бөлінбеді.