2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында пошта және курьер қызметі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 39,6% ұлғайып 40,5 млрд теңгеге жетті. Ал физикалық көлемі 31,8% көбейді, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ауылдық жерлердегі сұраныс өткен жылғыдан 38,8% көбейіп 2,1 млрд теңге болды.Жеке тұлғаларға қызмет 45,7% артып 10,1 млрд теңгені құрады. Соның ішінде ауылдық жерлерде 39,3% көбейіп 1,3 млрд теңге болды.
Өңірлер бойынша көшбасшы Алматы қаласы. Республика көрсеткішінің 59,4%-ы оңтүстік астанаға тиесілі. Көрсеткіш бір жылда 38,2% көбейіп 24 млрд теңгені құрады.
Одан кейін астанада 55,1% өсіп 3,9 млрд теңге болса, Қарағанды облысында 25,6% көбейіп 1,5 млрд теңгеге жетті.Ең аз Қызылорда облысында 18,1% өсіп 403 млн теңге ғана болды.
Қыркүйек айында пошта мен курьерлік қызмет тарифы заңды тұлғалар үшін 5,7% қымбаттады. Жекелей айтқанда пошта қызметі 7,7%, курьер қызметі 4,1% қымбаттады.