2024 жылғы қаңтарда еліміздегі сауда бойынша нақты көлем индексі былтырғы қаңтарға қарағанда 103,5% құрады (2023 жылғы қаңтарда – 119,4%). Айта кетейік, осы уақыт аралығында инфляция 9,5% болғанын ескерсек, жасалған сауда физикалық көлемде 6% азайған.
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 69%, бөлшек саудада – 30,7%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтарда 1 174,3 млрд теңгені құрады және 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,7% артты. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 935,8 млрд теңгені құрады бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,6% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 26,8% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 73,2%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, нақтыласақ, мотор отыны, автомобиль, косметика тауарлары және жеке гигиена жабдықтары, фармацевтика тауарлары, киім, сағат пен зергерлік бұйымдар, атомобильдерге арналған тетіктер, былғары бұйымдарын іске асыратын кәсіпорындарда атап өтілді.
2024 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 594,3 млрд теңгені, сауда күндерінде 78 күнді құрады (2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 456,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 76 күнді құрады).
2024 жылғы қаңтардағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,5%) мен Астана қалаларына (12,4%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтарда 2 644,1 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне қарағанда 103,4% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (80%).
2024 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 1 953,4 млрд теңгені, сауда күндерінде 44 күнді құрады (2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 687,6 млрд теңгені, сауда күндерінде 44 күнді құрады).
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ 2024 жылғы қаңтарда Алматы қаласына (38,6%), Атырау облысына (19,7%), Астана қаласына (16,8%) және Қарағанды облысына (5%) тиесілі болды.