Қазір Қазақстанда жаңа көлік алу үшін халық бірнеше ай күтуге мәжбүр. Зауыттар өндірісті азайтқан, кейбірі тіпті тоқтатқан. Қолма-қол толық құнын төлесеңіз де, дилерлердің сататын көлігі жоқ.

Тапшылықтың қайдан туыдағаны мен оның қашан шешілетіні туралы осы нарықтың өкілдері өз ойларымен бөлісті, деп жазады Forbes.kz.

Жаңа көліктердің тапшылығы микросхемаларды (чип) өндірісінің азаюына байланысты көптеген зауыттар өндірістерін азайтуға мәжбүр болды, деп түсіндіреді Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов.

"Тапшылықтың екі себебі бар. Біріншіден, чиптер негізінен Азияда, соның ішінде Малайзия мен Қытайда жасалады. Бұл зауттырда проблема болып жатыр. Малайзияда локдаун, ал Қытайдағы зауыт өртеніп кетті", дейді Смағұлов.

Компания өкілдерінің айтуынша, қазір әлем бойынша электроника мен автокөлік өндірушілер әлгі микросхемалар тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр.

"Микросхемалар тапшылығы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған. Оның себебі смартфон, ноутбук пен өзге де электронды тауарларға деген сұраныстың күрт өсуі. Сұранысқа пандемия әсер еткені белгілі", дейді компания өкілдері.

Orbis Auto бас директоры Динара Искакова да бұл оймен қосылады. Оның айтуынша, автокөлік тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлем бойынша байқалып отыр. Сұраныс артып келе жатыр, ал ұсыныс керісінше азаюда. Ұсыныстың азаюы әр елдергі шектеу шаралары.

Astana Motors өкілдерінің айтуынша, тапшылықтың тағы бір себебі транзиттік жүктердің (автокөлік пен қосалқа бөліктер) Қытайда тұрып қалуы. Жалпы, әлемдік логистика пандемия кесірінен зардап шегіп отыр.

"Қытай үш айдан бері біздің жүктерді жібермей отыр. Көлік тиелген мыңдаған контейнер бөгеліп тұр", дейді Нұрлан Смағұлов.

Шикізат пен дайын өнім логистикасының тізбегі бұзылды. Логистикалық компаниялар контейнерлер мен вагондардың жетіспей жатқанын айтады.

Смағұловтың айтуынша, халық той жасау мен шетелге шығудан үнемдеген қаражаттарына автокқөліктерін жаңарта бастады. Нәтижесінде көлікке сұраныс күрт артты.

Айта кетейік, қазір жаңа көлік алу үшін халық 1 айдан 1 жылға дейін күтуі мүмкін. Смағұлов бұл мәселенің келер жылдың екінші жартысында шешілетінінен үмітті.