Көлік саласы пандемиядан кейін қалпына келіп жатыр, деп хабарлайды Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігі.
Транзиттік контейнерлік тасымалдарда 795,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталып, өсім 28% құрады.
Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,77 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8% болды (2020 жылғы қыркүйек айында - 2,84 млрд.тонна).