Биыл ақпан айында Үкімет жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен 2 жылға уақытша алып тастауды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл қадам отандық өндірушілерді қолдауға және саланың дамуын ынталандыруға бағытталған.
Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жеңіл өнеркәсіп инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілді.
- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 95,7 млрд теңгені құрады. Киім өндірісі секторы оң динамиканы көрсетті, өсім — 11,5%.
- Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында $67,3 млн-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 69% артық. Негізгі экспорттық тауарлар арасында трикотаж өнімдері, майкалар, жейделер, сөмкелер мен қаптама пакеттер бар. Ресей, Түркия және Қытай негізгі өткізу нарықтары болып қала береді.
- Жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестиция көлемі 6 айда 4,2 млрд теңгені құрады. Киім өндірісіндегі инвестициялар 6,7 есе – 1,3 млрд теңгеге дейін өскені байқалды, тері және тері өнімдері өндірісіндегі инвестициялар 3 есе – 94 млн теңгеге дейін артты.
Биыл Ақтөбе облысында тоқылмаған материалдар өндірісі, экструзиялық геосинтетика өндірісі, сондай-ақ Атырау облысында полипропиленнен қапшықтар мен пленкалар өндіру секілді жаңа жобалар белсенді түрде іске асырылуда.