«KEGOC» АҚ таза пайдасы 2023 жылы 42,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 60% немесе 15,9 млрд теңгеге жоғары. 16,9 млрд теңге сомасына «жасыл» облигациялар сәтті орналастырылды.
Moody’s KEGOC-тың кердиттік рейтингі бойынша болжамды көтерді - «BAA2» «Позитивті», Fitch Компанияның рейтингін «BBB» дейін «Тұрақты» болжаммен көтерді, S&P Global CSA Score 51/100 деңгейінде ESG рейтингін тағайындады.
2023 жылы электр энергиясын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 1,9% артып, 115,06 млрд. кВтсағатты құрады, бұл KEGOC көрсететін қызметтер көлеміне оң әсерін тигізді:
- Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) арқылы электр энергиясын жеткізу - 36,1 млрд кВтсағат. Бұл жоспардан 3,7% жоғары;
- ҰЭТ-ты пайдалану - 36,0 млрд кВтсағат. Бұл жоспардан 1%-ке жоғары;
- электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру - 106,3 млрд кВтсағат;
- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру - 205,4 млрд. кВтсағат.
Желідегі жүктеменің артуына қарамастан, KEGOC ұлттық энергия жүйесінің сенімді авариясыз жұмысын қамтамасыз етті.
Күзгі-қысқы жүктемелерге дайындық мерзімінен бұрын аяқталды, 89 ЭЖЖ, 25 қосалқы станция жабдығына жоспарлы жөндеу жүргізілді, материалдардың, қосалқы бөлшектердің авариялық қоры толықтырылды, материалдардың жеткілікті резерві қалыптастырылды.
2023 жылғы қарашада стратегиялық маңызы жоғары «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті аяқталды. «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» маршруты бойынша бес 220 кВ электр жеткізу желілері пайдалануға енгізілді. Бұл Батыс аймақтағы электр байланыстарының өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді.
«KEGOC» АҚ-ның үш филиалында (Ақтөбе ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ және Батыс ЖЭТ) 220-500 кВ желілерді жаңғыртудың 1-ші кезеңі аяқталды. Электр желілерін жаңғырту компанияның барлық филиалдарында жалғасады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша KEGOC «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшы болып танылды. Компаниядағы жарақаттану коэффициенті 2022 жылмен салыстырғанда үш есе, ал қайтыс болу жағдайларының коэффициенті нөлге дейін төмендеді. Сондай-ақ, KEGOC әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары рейтингін 86% деңгейінде растады.
2024 жылы Компанияның алдында Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру, Компанияның филиалдарындағы желілерді реконструкциялаудың 2-ші және 3-ші кезеңдері, рейтингті 5 есе арттыру, жоспарланған жөндеу-пайдалану жұмыстарын толық көлемде орындау, ал сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру бойынша өршіл міндеттер тұр.