«KEGOC» АҚ 2024 жылдың 9 айындағы және 2024 жылдың 3 тоқсанындағы аралық шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады:
2024 жылдың 3 тоқсанында:
- табыс 26,4%, 74 млрд теңгеге дейін;
- көрсетілген қызмет құны 22,4%, 57,9 млрд теңгеге дейін;
- операциялық пайда: 56%, 13,6 млрд теңгеге дейін;
- таза пайда: 110%, 11,8 млрд теңгеге дейін;
- бір акцияға шаққандағы пайда: 99,8%, 43,11 теңгеге дейін ұлғайды.
Ал алғашқы тоғыз айдағы көрсеткіштер мынадай:
- табыс 34,4%, 232 млрд теңгеге дейін;
- көрсетілген қызмет құны: 29,7%, 164,3 млрд теңгеге дейін;
- операциялық пайда: 52,1%, 59,2 млрд теңгеге дейін;
- таза пайда: 64%, 47 млрд теңгеге дейін;
- бір акцияға шаққандағы пайда 55,1%, 170,85 теңгеге дейін көбейді.