Сәлемдеме жеткізу нарығы Қазақстанға миллиондаған еуро қосымша экономикалық құн әкеледі.
Жеткізу нарығы Қазақстанның экономикалық өсу драйверлерінің біріне айналуда. Statista аналитикалық компаниясының зерттеуінше, 2023 жылы жеткізу платформалары мен олардың серіктестері 163 млн еуроның қосымша экономикалық құнын қалыптастырғанын көрсетті.
20 қарашада Astana Hub-да цифрлық платформа нарығындағы эксклюзивті аналитиканың егжей-тегжейлері бар зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ шарада халықаралық байқауда жеңімпаз атанған және компанияның Барселонадағы орталық кеңсесінде оқудан өткен қазақстандық стартапшыларға арналған екі апталық тағылымдамадан өту нәтижелері көрсетіледі.
Қатысушылар жеткізу нарығының әлеуетін және оның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесін талқылай алады.
Шара 20 қарашада, сағат 10:30, Astana Hub медиа аймағында өтеді.