Биыл 7 қарашада инвестиция тарту жөніндегі кеңестің отырысында қатты пайдалы қазбаларды өндіруге аукцион өткізу тәртібі қайта бекітілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрамында қатты пайдалы қазбалардың (алтын, күміс, қорғасын, мырыш жәнет.б.) өнеркәсіптік санаттарының қорлары бар 26 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

​Аукционға қатысуға өтініштер 2024 жылғы 15қарашадан 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін«minerals.e-qazyna.kz» ЖҚПБП арқылы қабылданатын болады.

​Электрондық аукцион 2025 жылғы 29 қаңтардаe-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында өтеді.