«KEGOC» АҚ-ның 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы таза пайдасы 27,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
2021 жылғы 29 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру нысанында өткізіліп, онда «KEGOC» АҚ 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептемесі бекітілді. Соған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 27,5 млрд. теңгені құраған болатын. Акционерлер сонымен бірге 22 млрд. теңгені дивиденд төлеуге жұмсау туралы шешім қабылдады, бұл бір жай акцияға есептегенде 84,72 (сексен төрт теңге жетпіс екі тиын) теңгені құрайды.
2021 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 8 қарашадағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивиденд төлеу басталатын күн – 2021 жылғы 15 қараша.